Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы болашақта біртұтас ұлт болу мен бұқаралық сананы өзгертудің кепілі болды.
Ұлттық сананы жаңғырту мен ұлттық бірегейлікті сақтау жолдары айқындалып, ауқымды міндеттер жүктелді. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілді білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып, ел жаңғыруының басты міндеттері – «Латын қарпіне көшу», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» пен «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер» бағдарламалары қабылданып, бүгінгі таңда олар орнымен жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде жастарға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, әлемдік бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жол ашатыны анық. Сондықтан тәyeлciз ел болып, рухани жаңғыруда әлiпбидi ayыcтыpy – Мәңгiлiк eл бoлyдың нeгiзгi aлғышapты болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мемлекетіміздің жаһандану көшін ілгерілету мақсатындағы маңызды құжатқа айналды. Сондықтан қоғам ағзасының соғып тұрған жүрегі іспетті руханиятымызға жанашырлық танытқан бұл бастамаға бірауыздан қолдау білдіреміз.
Осыған байланысты желтоқсан айында Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ергалиева М.А. ұйымдастырған «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті. Кездесу барысында латын тілінің маңызы және мұғалімдер сабақта қалай қолданылатыны туралы айтылды. Сонымен қатар ата-аналарға латын әлібиінің брошюралары беріліп, қазақи әріптердің емлесі туралы тоқтатылып айтылды. Болашақта осыған байланысты көптеген жұмыстар жүргілмекші.