Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Ғ. Қайырбеков атындағы 9 орта мектебі «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылы желтоқсан айында  «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме – байқауын өткізді.

Аталған байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Байқауға мектептің 7-15 жас аралығындағы балалардың 30-дан аса шығармашылық жұмыстары таныстырылды.  

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталды: 1 орын – 2, 2 орын – 3, 3 орын – 5 оқушы .

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар, топтық формаларына грамоталар табысталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!