«ҚАУІПСІЗ ЖАЗ» акциясы
Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата- ананың, мұғалімдер қауымының төл міндеті десек те осынау маңызды істе тәртіп сақшыларының да шет қалмауы тиіс осыған орай жазғы мектеп демалысы уақытында, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын –алу және ескеру мақсатында, сондай-ақ «Қауіпсіз жаз» акция аясының шеңберінде ағымдағы жылдың мамыр айының 15 күні. «Қостанай қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» мемлекттік мекемесі мектеп алды даярлық тобының оқушыларына Қостанай қаласы ПБ СПБ ЮПТ КТІжБ қызметкері мектеп инспекторы полиция қатарындағы Агадилова А.В. болашақ оқушыларға жолда жүру қауіпсіздік ережелері түсіндірді. Бүлдіршіндерге бағдаршам түстері мен «жаяу жүргіншілер» мен «stop» ескерту белгілері түсіндірілді.