Қараусыз қалған оқушылар мен жасөспірімдердің құқықбұзушылығын алдын-алу бойынша атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат.
2018-2019 оқу жылында Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде қараусыз қалған оқушылар мен жасөспірімдердің құқықбұзушылығын алдын-алу бойынша жоспар құрылып жасалды. Жыл бойы мектеп инспекторы Онкаева Р.Б. және әлеуметтік педагог Кошенова К.Ж. қараусыз қалған, құқықбұзушылық жасаған балаларды анықтауға рейдтік жұмыстарын жүргізіп отырды. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде осындай топ оқушылары Шракбек Кабылбаев атындағы Қостанай қаласының МВД академиясында әскери-патриоттық лагерьге жолдама алып барып келді. Сондықтан да, «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Себебі заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсінеміз.