Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектепте қалалық ағылшын тілі пәні бірлестігінің отырысы өтті. Тақырыбы: «Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың фукционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары». Қалалық білім бөлімінің шет тілдері секторының басшысы Тихон Валентина Николаевна осы тақырыпта қала мұғалімдерін толғандыратын сұрақтарды тыңдап, бірлесе шешу жолдарын қарастырды. Қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері осы тақырыпқа сай ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша тәжірибе алмасты. Аталған мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мусагулова Диана Бақытбекқызының баяндамасы тыңдалып, өзекті жерлері аталып өтті. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Искакова Назгүл Қажымқызы мен Айгүл Арстанбекқызы дайындаған шебер сынып пен коучингте қала мұғалімдері білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың фукционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын іздестіріп, керектісін түртіп, өз ойларымен бөлісті. Отырыс соңында Әбдір Гүлім Талапқызы, Қайырбекова Гүлжазира Мейрамханқызы, Меделхан Сәния Алішерқызының жетекшілігімен мектеп оқушылары дайындаған «HALLOWEEN» шоу бағдарламасы көрсетілді. Оқушылар үш тілде ән салып, көрініс қойып, қызықты ойын-сауықтар өткізді. Қала мұғалімдері өздерінің әдістемелік қоржындарын толықтырып қана қоймай, әдемі бағдарлама көріп, оқушылардың өнерін тамашалады.