«Әдістер эстафетасы»
Жас маманмен жұмыс - жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Ал білім сапасын өсіру үшін, жас маман педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеруі қажет. Осыған орай, «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» ММ «Жас мамандар» мектебі мектебіміздің жас мамандарына арналған «Әдістер эстафетасы» байқауын өткізді. «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Маженова Лаззат Тулендиновна жас мамандармен педагогикалық әдіс-тәсілдер туралы қызықты тапсырмалар бере отырып, мамандардың өз тәжірибесімен бөлісуіне мүмкіндік берді. Мұғалімдер белсене қатысып, соңында жас мамандарды мадақтау өткізілді.