Ата-аналар жиналысы
Ағымдағы жылдың 21-22 мамырында "Оқу жылының қорытындылары туралы" тақырыбында мектебімізде жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
21 мамырда 5-9 сыныптар параллелінде сағат 18:30да офлайн форматта өткізілді. Ал 22 мамыр күні 1-4,10-11 сыныптарда онлайн форматта өткізілді.
Ата-аналар жиналысы мектептің акт залында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Жиналыстың бірінші бөлімінде ата аналар жұртшылығы алдында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Байменова З.Ә. сөз сөйледі.
Жиналыстың екінші бөлімінде мектеп директоры Молдахаликов А.Н. сөз сөйледі.