Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Ата- ана құқығын шектеу немесе айыру негіздері туралы кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау, орналастыру  ақпараты.

        Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың, немесе ұйымдардың арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор менқорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастапүш күннің ішінде бұл шешеімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншыжәне қамқоршыорганға жолдауға міндетті. .Ата- ана құқықтарынана айыру балалармен туыстық фактісінде негізделген барлық құқықтардан,  оның ішінде  одан асырауға қаражат алу, сондайақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен жәрдемақылар алу құқықтарынан айыруға әкеліп соғады. Ата- ана құқығынан айыру тәртібі сот тәртібімен жүргізіледі.

Ата-ана құқықтарын шектеу.

Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан олады ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.Егер баланың ата-аналармен қалуы:

  • Ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар бойынша бала үшін қауіпті болса;
  • Олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса,алайда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.

       Кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау және орналастыру Комиссияның негізгі функциялары:

  •  кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;
  •  кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз, панасыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдарды үнемі хабардар ету;
  •  өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк оңалту, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi өздерiнiң мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына терiс әсер ететiн немесе оларға қатігездікпен қарайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдердi белгілеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
  •  кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;
  •  белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiну;
  •  мемлекет көмегiне мұқтаж және өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ұсыныстар енгiзу;
  •  кәмелетке толмағандарды физикалық және психикалық күш көрсетуден, қылмыстық кемсiтушіліктің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;
  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдар, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер жұмысының оң тәжірибесін жинақтау және тарату, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету.