«Алғыс күні»
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіру мақсатында Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде «Жүрек» акциясы өтті.
Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Сол себепті 2 наурыз күні жас бүлдіршіндер қоңырау арасында бір-біріне жылы лебіздерін білдіру мақсатында жүрекшелер сыйлап, рақметтерін білдірді. Кейбір оқушылар тілек айтумен қатар жүрекшелерге жылы лебіздерін жазып басқа оқушыларға сыйлады. Болашақта да қазақ еліміз, жас буынымыз осылай тату-тәтті болады деген сенімдеміз.