Шырайлы көктемнің ең әдемі мерекесі Наурыз мейрамына орай Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінде «Ал, кәнекей әжелер!» сайысы өтті. Ерекше байқауға бастауыш сынып оқушыларының әжелері қатысты. Барлығы сегіз әже бақ сынап, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға барынша тырысты. Мысалы, алғашқы кезеңде әжелердің өздерін таныстыруларына мүмкіндік берілген болатын. Одан кейінгі «көтерейік көңілді ән – жырменен» кезеңінде өнерлерін көрсетіп, «Ою оя білесіз бе?» кезеңінде қолөнер шеберліктерін ортаға салды. «Өнерлі саусақтар» деп аталатын кезеңде үй тапсырмасын қаншалықты орындағандарын көрсетіп, «Сыр сандық» кезеңінде алдын – ала әзірленген сұрақтарға жауап берді. Осындай қызықты да күрделі кезеңдердің ішінде « Сыр сандыққа» жасырылған сұрақтар ерекше есте қалды. Сол кезеңде әжелерге «Тілашар» қай кезде жасалады?, «Байғазы»деген не?, «жсаудың мағынасын түсіндіріңіз», «тымаққа салу дегеніміз не?» - деген сияқты ұлттық салт – дәстүрімізге қатысты сан алуан сауалдар қойылды. Әжелеріміз бұл сынақтан сүрінбей өтіп, ежелгі дәстүрімізді жетік білетіндерін дәлелдеп берді. Әрбір тапсырманың соңында өнерпаз оқушылар өнер көрсетті. Айлана Шарипова «Нар Агачи» күйін тартып, Дария Мұратбек «мама» әнін, Камила Сапарбекова «Сәулем – ай» әнін нақышына келтіре шырқады. Ал әжелеріміздің өнері мен білімін ұстаздардан құралған қазылар алқасы бағалады. Сайыстың қорытындысында 4 «А» сыныбының әжесі Зайкүл Набетайқызы бірінші орынға, 2 «А» сыныбының әжесі Айжамал Құрманбекқызы екінші орынға, 2 «Б» сыныбының әжесі Асылгүл Темірғалиқызы үшінші орынға ие болды.
- Жаңалықтар
- Білім туралы құжаттар
- Сабақ кестесі
- Мектеп асханасы
- ҚР мемлекетінің рәміздері
- Президенттің Жолдауы
- Мектеп туралы ақпарат
- Мемлекеттік сатып алу
- Дарынды оқушылармен жұмыс
- Халықпен жұмыс істеу
- Жазғы мектеп
- Мемлекеттік қызмет
- Норм-құқ. құжаттар
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК КОДЕКСІ
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ
- БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
- БIЛIМ ТУРАЛЫ
- КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ ОЛ ТУРАЛЫ ТАРИХИ – ТАНЫМДЫҚ ТҮСІНІКТЕР
- «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙIНГI БIЛIМ БЕРУДI ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА» ТҮСIНДIРМЕ
- БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМНІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРАТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ
- Жемқорлық туралы
- Әдістемелік қызмет
- Нұсқаулықтар
- Қауіпсіздік
- РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
- Үндестік
- Жемқорлық туралы
- ӘДЕП ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
- Қамқоpшылық кеңес
- МДС
- Оқу күнтізбесі 2024-2025 оқу жылы
iKomek
жедел әрекет ету орталығы телефон: 109
Мектеп директоры: Молдахаликов Асемхан Нуртазинович
телефон: 87478191375