Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бекіткен жоспарға сәйкес, Қостанай  облысы , Қостанай қаласы  әкімдігінің  Ғ.Қайырбеков атындағы  № 9 орта мектебінде 2018 жылдың 26 желтоқсанында  «Адалдық» акциясы  өтті.

     Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмыстарын күшейту, жас ұрпақ пен барша қоғамды  жемқорлықтан аулақ жүруге шақыру.

        Мектеп  асханасында өткен акцияға оқушылар,мұғалімдер және асхана қызметкерлері   белсене қатысты.

     Акцияға қатысушылар «Адал және сатылмайтын еңбек» атты  тілектер тақтасына сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша өз ұсыныстары мен талап-тілектерін қалдырды, сонымен қатар «Жемқорлық тізбегін үз» ақпараттық парақшалары таратылды. Оқушылар пара беру және алу түсініктеріне байланысты сұрақтар қойса,  мұғалімдер  сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға байланысты шараларға ойларын білдірді.

    Адал жолды, таза жолды, сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін, барлық  қатысушыларды  осы ортаға жұмылдыра отырып  жүргізілген акцияда оқушылар өздері үшін көптеген мағлұматтар алды.