Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Рухани жаңғыру болашаққа бағдар бағдарламасы аясында «Елбасымен бірге!» атты мектепшілік флешмоб өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде Рухани жаңғыру болашаққа бағдар бағдарламасы аясында «Елбасымен бірге!» атты мектепшілік флешмоб өтті. Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Мерекелік шараға мектептің 5-9 сынып оқушылары қатысты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді.