ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ «СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНЫҢ» (39-08-50) ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫ ХАБАРЛАНДЫРАДЫ
Сенім телефоны – бұл кез келген адам өмірдің қиын жағдайын талқылау үшін анонимді түрде жүгіне алатын және өзінің сауалына жауап таба алатын қызмет.
«Сенім телефонының» мақсаты – отбасылық жайсыздықты, балалар мен жасөспірімдердің күйзелген және суицидальды көңіл-күйлерін алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасыны нығайтуға мүмкіндік беру.
«Сенім телефонының» жұмысы қызықтыратын мәселелер бойынша қоңырау шалушыны ақпараттандыру, мүмкін болатын көзбе-көз кеңес және практикалық көмек үшін маманды сауатты таңдау мүмкіндіктерін береді.
Абоненттермен жұмыс телефон арқылы кеңес беру қағидаттарына сәйкес жүргізіледі:
- Құпиялылық;
- Қол жетімділік;
- Абонентке құрмет;
- Абонентті тыңдау.
«Сенім телефонының» жұмыс режимі – 8 сағат
Үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Балаларға психологиялық көмек көрсететін қызметтер туралы
Құрметті мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар!
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде сіздер кедергісіз сенім телефондарына хабарласа отырып көмек алуларыңа болады.
Сенім телефоны – бұл шұғыл психологиялық көмек көрсететін тегін анонимдік қызметі.
«111» бірыңғай call-орталығы – қоңырау шалу тегін, Қазақстан Республикасында тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны. Сізге білікті психологиялық көмек көрсетіледі.
8 (7172) 742528 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi.
88000808833 – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының жанындағы балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі.
8(7142) 226532 – Психологиялық көмек көрсету жөніндегі дағдарыс орталығы, тәулік бойы жұмыс істейтін психологиялық көмек құпиялылықты сақтайды.
«150» қысқа нөмірі – Қостанай облысы бойынша тәуліктік, анонимдік білікті көмек, қоңырау шалу тегін.