Қош келдіңіздер!
Ғафу Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Мектебіміз – Қостанай қаласындағы 1986 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған іргелі оқу орны. Қазақ мектебі ретінде біз ұлттық құндылықтарды, ана тілімізді және мәдениетімізді дәріптей отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты мақсатымыз деп білеміз.
Ғ.Қайырбеков мектебі – білікті ұстаздар мен дарынды оқушылардың ордасы. Мұнда әр оқушының тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілетінің артуына ерекше мән беріледі. Жаңартылған білім мазмұнына сай жабдықталған кабинеттер, STEM зертханасы, интерактивті құрылғылар – осының барлығы балалардың заманауи біліммен қарулануына мүмкіндік береді.
Біздің сайт арқылы мектеп өмірінен хабардар болып, жетістіктерімізбен танысып, оқу процесіне қатысты қажетті ақпараттарды ала аласыздар. Ашықтық пен серіктестікке негізделген ынтымақтастығымыз білім сапасының артуына кепіл болмақ.
Құрметпен, Ғафу Қайырбеков атындағы №9 мектеп әкімшілігі
Хабарландыру
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау
- 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуір – 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
- 6 жастағы және күнтізбелік жыл ішінде 6 жасқа толатын балалар тұрғылықты мекенжайына сәйкес мектепке қабылданады.
- Құжаттарды қабылдау www.egov.kz арқылы жүргізіледі.
Қажетті құжаттар:
- Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші
- № 065/у "Профилактикалық екпелер картасы"
- № 052-2/у "Бала денсаулығының паспорты"
- Баланың 3х4 см цифрлық фотосуреті
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мекенжайы: Қостанай қ., Қайырбеков көшесі 334
Байланыс телефондары: 87142564622, 87142391592
Балаңыздың болашағы – бүгінгі таңдаған мектебінен басталады!
#1сыныпқаҚабылдау #Мектеп2025 #Құжаттар #egov
БСН 961240000266
РНН 391700052990
OKPO 38106936
Орысша атауы: КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №9 ИМЕНИ Г. КАЙЫРБЕКОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
Қазақша атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(KATO: 391010000)
Мектеп директоры: МОЛДАХАЛИКОВ ӘСЕМХАН НҰРТАЗИНОВИЧ