Бүгін оқушылар балалар шығармашылық үйінде ұйымдастырылған «Жарқын болашақ» жазғы іс-шарасына белсенді қатысты.Іс-шара барысында балалар түрлі қызықты ойындар ойнап, танымдық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, білімдерін сынап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің тапқырлығы мен белсенділігін көрсетті. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Осындай шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, достық қарым-қатынасты нығайтуға және бос уақыттарын тиімді өткізуге үлкен мүмкіндік береді.