Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған X-Dance шығармашылық би байқауы жоғары деңгейде өтті!
Байқауда қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, сахнада еркіндік пен шығармашылықтарын паш етті. Әр топтың биі – еңбек пен талпыныстың нәтижесі. Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған жарқын қойылымдар көп болды.