29.10.2025 ж. Жас мамандарға әдістемелік тұрғыда бағыт-бағдар беру, жаңа идея мен тың бастамаларға жол ашу мақсатында «Технология. Ізденіс. Шығармашылық» тақырыбында мазмұны терең, форматы ерекше пресс-конференция ұйымдастырылды. Бұл шара білім саласындағы заманауи үрдістерді талқылап қана қоймай, инновациялық технологияларды тиімді қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.