Ұстаздар күніне орай 9 «А» сыныбы аяулы ұстаздарына шағын сыйлықтарын табыстап, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
Ұстаз — білімнің шамын жағып, әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білетін жан. Сіздердің еңбектеріңіз бен берген білімдеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!
Құрметті ұстаздар, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс, еңбектеріңізге береке тілейміз! Әрдайым шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылулық кетпесін!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен, 9 «А» сыныбы!