2025 жылғы 23 қазанда мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды анықтап, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Білім сайысына 5-11 сынып оқушылары қатысып, математика, физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, ағылшын тілі және басқа да пәндер бойынша өз білімдерін сынады.
Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!