Мектебімізде 9–10 сынып оқушылары арасында Жастар ресурстық орталығының психолог маманының қатысуымен «Күйзелістің алдын алу және эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыру» тақырыбында психологиялық іс-шара өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға күйзелістің пайда болу себептері мен белгілері, оны жеңудің тиімді жолдары, эмоцияларды басқару және психологиялық саулықты сақтаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, маманнан қажетті кеңестер алып, эмоционалды тұрақтылықты нығайтуға бағытталған практикалық тәсілдермен танысты.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің өз сезімдерін түсінуіне, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына және психологиялық әл-ауқатын сақтауға ықпал етеді.