Мультфильм барысында балалар достықтың, қамқорлықтың, мейірімділіктің және жануарларға деген сүйіспеншіліктің маңызын түсінді. Кейіпкерлердің қызықты оқиғалары арқылы бір-біріне көмектесу, жауапкершілік таныту және жақсылық жасау сияқты құндылықтар насихатталды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың мәдени демалысын ұйымдастыру, эстетикалық талғамын дамыту, бос уақытын тиімді өткізу және достық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Балалар көтеріңкі көңіл-күймен жақсы әсер алып қайтты!