8 маусым күні «Өнер патшалығын құтқару» атты қызықты квест ойыны өткізілді. Квест барысында оқушылар түрлі станциялардан өтіп, шығармашылық, тапқырлық және ұйымшылдықтарын көрсетті. Әр тапсырманы сәтті орындаған қатысушылар өнер әлемінің құпияларын ашып, өнер патшалығын құтқару жолында өз үлестерін қосты.
Ойын соңында барлық кілттерді жинаған оқушылар қазына сандығын тауып, Өнер патшалығын құтқарды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен «Өнер патшалығын құтқарушы» сертификаттары табысталды.