Мектебіміздің 6 “б” сынып оқушылары қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы атанған Сапарғали Бегалиннің 130 жылдық мерейтойына арналған әдеби кешке қатысып келді.
Кештің басты мақсаты - 6 - сынып оқушыларына Сапарғали Бегалиннің мұрасын таныстыру, оның шығармалары арқылы адамгершілікке және отаншылдыққа тәрбие беру. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлер оқыды.
Оқушылар Сапарғали Бегалиннің кім екенін және оның қазақ әдебиеті үшін маңызын тереңірек түсінді. Олардың көпшілігі жазушының бұрын оқымаған немесе естімеген шығармалары туралы ақпарат алды.