Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында мектебімізде бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, білімге ұмтылу, адал еңбек ету, заңды құрметтеу және бұлжытпай орындау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырудың маңызын талқылады.
Әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығы – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік негізі.
Адал азамат – зерделі ұлт – жауапты қоғам!