Кәсіби бағдар беру аясында мектебімізде кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қостанай гуманитарлық колледжінің білім беру бағыттары мен мүмкіндіктері таныстырылды.
Колледжде сұранысқа ие келесі мамандықтар бойынша білім алуға болады:
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- Бағдарламалық қамтамасыз ету (IT бағыт);
- Аударма ісі;
- Кітапхана ісі;
- Құқықтану;
- Есеп және аудит.
Оқушылар 9 және 11 сынып негізінде қабылдау шарттары, оқу мерзімі, мемлекеттік грант және ақылы оқу мүмкіндіктері, сондай - ақ құжат тапсыру тәртібі туралы маңызды ақпарат алды.
Қажетті құжаттар тізімі түсіндіріліп, колледждің ресми сайты мен байланыс деректері ұсынылды.