Республика күні қарсаңында Алматы қаласында 25-26 қазан аралығында Киокушинкай каратэден өткізілген іс шараға қатысып, жылдар бойы жинаған еңбегінің нәтижесін, спортшының шеберлігін білдіретін қара белбеуді алу мақсатында ДАН тест емтиханын сәтті тапсырып келген мектебіміздің 9А сынып оқушысы Диас Ибраевты шын жүректен құттықтаймыз! Диас, спорттағы жеңістерің көп болсын!