Қалалық ”Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалінен” жүлделі 1-орын алған Сакаева Дарина Есенгельдиновнаны құттықтаймыз!
Бұл жеңіс-Сіздің кәсіби шеберлігіңіздің, тың идея мен жаңашылдығыңыздың, білім мен білігіңіздің нәтижесі. Ізденімпаздығыңыз бен шығармашылық қабілетіңіз жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде айқын көрініс тапты.
Ұстаздық жолыңыз табысты бола берсін! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
