Мектебіміздің оқушылары көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қасымов Ерасылдың жетекшілігімен бөтелке қақпақтарын қайта өңдеу бойынша ерекше эко - жобаны қолға алды.
Жоба аясында оқушылар өз қолдарымен бөтелкелерді сұрыптау жәшігі мен қоқыс контейнерлерін жасап шығарды. Бұл бастама - қоршаған ортаны қорғауға, қайта өңдеудің маңызын түсінуге және табиғатқа жанашырлық танытуға бағытталған.
Мақсатымыз - оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалануға үйрету.
Бірге табиғатты аялайық!