“Даласы - дархан, тарихы тұнған, Қазақ елі!”
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республика күніне орай мұғалімдер арасында “Даласы - дархан, тарихы тұнған, Қазақ елі!” атты зияткерлік сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты - ұстаздардың тарихи танымын кеңейту, отансүйгіштік рухты дәріптеу және ел тәуелсіздігін қастерлеуге баулу.
Іс-шара барысында мұғалімдер білім мен тапқырлықтарын көрсетіп, өзара тартысты әрі қызықты сайыс өрбітті.