Қостанай қаласы Полиция департаментінің тапсырысы бойынша дайындалған есірткіге тәуелділіктің алдын алуға бағытталған бейнероликтер 2026 жылғы 14–30 қыркүйек аралығында мектепте көрсетілді. Бейнематериалдар LED-экрандарда, электрондық ақпараттық стендтерде және мектептің ортақ пайдаланылатын орындарындағы мониторларда орналастырылды. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына сынып сағаттары барысында көрсетіліп, есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.