Құрметті ата - аналар (заңды өкілдер)!
Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының жоспарына және 2023 - 2025 жылдарға арналған балаларды зорлық - зомбылықтан қорғау, буллинг пен өз - өзіне қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында 2025 жылғы 14 қарашада 18:30 сағатта Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ мекемесінде Бірыңғай облыстық ата - аналар жиналысы өтеді.
Тақырыбы:
«Оқушылар арасында буллингтің, тұрмыстық зорлық - зомбылықтың және суицидтік мінез - құлықтың алдын алу»
Жиналыс бағдарламасында:
мектеп әкімшілігінің сөзі;
мектептің педагог - психологының буллингтің және жасөспірімдердің эмоционалдық әл - ауқатының алдын алу жөніндегі түсіндіру баяндамасы;
мектептің әлеуметтік педагогының тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу;
отбасы мен мектептің өзара іс - қимылының өзекті мәселелерін талқылау;
балалар үшін қауіпсіз және сенімді орта қалыптастыру бойынша ата - аналарға ұсыныстар.
5 - 11 сынып оқушыларының ата - аналарын жиналысқа белсенді қатысуға шақырамыз.
