Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
Авторизация
AA+
Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru

Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.

Олимпиадаға барлығы 31 оқушы қатысты:

3-сыныптардан – 19 оқушы;

4-сыныптардан – 12 оқушы.

Олимпиада барысында оқушылар математикалық сауаттылықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару шеберліктерін сынап, өз білімдерін ортаға салды.

Мектепішілік кезең қорытындысы бойынша: 3-сыныптан – 3 оқушы;

4-сыныптан – 3 оқушықалалық кезеңге жолдама алды.

Қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларды құттықтаймыз!Жас математиктерімізге қалалық кезеңде сәттілік, биік нәтиже және жеңіс тілейміз! 

Білімге деген қызығушылықтарыңыз артып, әрбір жетістіктеріңіз жаңа белестерге бастасын!