«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағадрламасы аясында 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған дарынды жас спортшы Сандибеков Адильжанмен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - оқушыларға үлгі боларлық тұлғаның өмір жолымен, жетістіктерімен таныстыру, жас ұрпақтың бойында табандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру болды.
Кездесу барысында Сандибеков Адильжан өз өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтып, жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті. Ол оқушыларға білім алудың, еңбексүйгіштік пен табандылықтың маңызын ерекше атап өтті.
Оқушылар қонаққа түрлі сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды.