ЖЕҢІСІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
8–11 сынып оқушылары арасында өткен «Әбіш оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңінде 9-сынып оқушысы Атымтай Рамазан «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша ІІ орын иеленді!
Оның әрбір сөзі мен дауыс ырғағы көрермен жүрегіне жол тауып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Бұл жетістік – табандылық пен тынымсыз еңбектің, сондай-ақ сапалы дайындықтың нәтижесі.
Жетекшісі: Маженова Л.Т.
Рамазанды жүлделі орнымен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!
