Құттықтаймыз!
7–11 сынып оқушылары арасында өткен "Мұқағали Мақатаев оқулары" республикалық оқуларының облыстық кезеңінде 8-сынып оқушысы Тапаев Қожабек III орын иеленді!
Қожабектің табысы – оның қажырлы еңбегінің, шығармашылық талантының және білімге деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Бұл жетістік тек жеке оқушының ғана емес, сонымен қатар оның жетекшісі Маженова Л.Т.-нің шеберлігінің, қолдауы мен жігерлігінің жемісі.
Біз Қожабекке әрі қарайғы шығармашылық жеңістер, жаңа белестер мен табыстар тілейміз!
Мұндай жетістіктер мектеп қауымдастығын да қуанышқа бөлеп, оқушыларымызға шығармашылыққа, білімге, өз-өзін жетілдіруге шабыт береді.
