15 желтоқсан күні мектебімізде кәсіби бағдар беру бағытында маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының өкілі жоғары сынып оқушыларымен жүздесіп, оқу орнының қызметі туралы жан - жақты ақпарат берді.
Кездесудің негізгі мақсаты - оқушыларды әскери және азаматтық қорғау саласындағы мамандықтармен таныстыру, академияның оқу жүйесі, қабылдау талаптары, әскери тәртіп ерекшеліктері, оқу барысы мен түлектерге берілетін мүмкіндіктер туралы толық мәлімет беру, сондай - ақ болашақ мамандық таңдауда бағыт - бағдар көрсету.
Кездесу барысында оқушылар:
- Академияның құрылымы мен оқу бағдарламалары туралы мағлұмат алды;
- Құжат тапсыру талаптары мен қабылдау ережелерімен танысты;
- Оқу тәртібі, әскери дайындық және түлектердің қызметке орналасу мүмкіндіктері жөнінде сұрақтарына нақты жауап алды.
Біздің басты мақсатымыз - оқушылардың болашағын дұрыс жоспарлауына көмектесу, кәсіби бағдар беру арқылы саналы таңдау жасауына қолдау көрсету.