"Алғыс айту" күні – мейірім мен ризашылықтың, жанашырлық пен сыйластықтың мерекесі. Осы атаулы күнге орай мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушылары игі бастама көтеріп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Бұл іс-шара оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді, жанашырлық пен жауапкершілікті айқын көрсетті. Әр бала өз үлесін қосып, кішкентай болса да үлкен жүрекпен жақсылық жасауға болатынын дәлелдеді.
Осындай игі істер арқылы балалар «жақсылық жасаудан жалықпа» қағидасын ұстанып, қоғамға пайдасын тигізетін тұлға болып қалыптасуда. "Алғыс айту" күні – тек сөзбен емес, іспен алғыс білдірудің жарқын үлгісі екенін оқушылар өз әрекеттерімен көрсете білді.