Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ


Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүргізілетін жұмыстардың жоспары


«Рухани жаңғыру» аясында өткізілген «АТАЖҰРТ» этногеографиялық интеллектуалды байқауы туралы анықтама

«Рухани жаңғыру- болашаққа бағдарламасын» іске асыру мақсатында алтыншы қараша күні Ғ.Қайырбеков орта мектебінде 3-4 оқушыларына арналған қалалық «АТАЖҰРТ» этногеографиялық интеллектуалды байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты - білім алушыларды Ғ.Қайырбековтың шығармашылығымен таныстыру және Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы туралы түсінік беру, туған жер табиғатын,
тарихын,байлығын оқып-білуге тәрбиелеу, зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту. Қалалық байқауға қаладағы қазақ және аралас мектептерден 11 мектеп командасы қатысты. Олар:№1МЛ,№9ОМ,№10ОМ,
№11ОМ,№15ОМ,№17ОМ,№18МГ,№20ОМ,№24МГ,№29ОМ,№115ОМ. Байқауды аталған мектептің директорының орынбасары және осы жобаның авторы Ерғалиева Меңтай Аманқызы жүргізді.Байқау алты кезеңнен қамтылған. Бірінші кезеңде «Мыңның түсін танығанша бірдің атын біл» дей отырып,топтардың таныстырылуы болды. Келесі кезең «Өткел» деп аталып, оқушылар ұлттық-салт дәстүр,ұлттық ойындар,мемлекеттік рәміздер,Қазақстанда өндірілетін пайдалы-қазбалар, Қазақстанда болып жатқан тарихи оқиғалар,жергілікті ақын-жазушылардың өмірі,шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.Келесі кезеңдерде латын әліпбиін үйрену мақсатында “Zerek bala”,“Sozdi tap” электронды қосымшаларымен жұмыс жасалды.Соңғы кезеңде Ғ.Қайырбеков шығармашылығына саяхат жасалып мәнерлеп оқу сайысына жалғасты. Мәнерлеп оқуда көзге түскен №9ОМ оқушысы Ибраев Диас және №17ОМ оқушысы Қылышбай Самрат.
Әрине байқау болғандықтан оған қазылық жасайтын әділ-қазылар бекітілді.Әділ-қазылар алқасы:
1. Серікбай Оспанұлы,ақын,халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері,Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры.
2.Бектурганова Умсын Сулейменовна, Қалалық білім бөлімінің эксперимент инновациялық жұмыс бөлімінің басшысы.
3. Маженова Ляззат Төлендіқызы . Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі,Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының иегері.
4. Қоңқабай Шұға Аңсағанқызы. «Қостанай таңы» газетінің тілшісі.
«Жүзден жүйрік озады» дегендей білімдерінің ұшқырлығын байқатып,үздік нәтиже көрсеткен мектеп оқушылары қалалық білім бөлімінің мақтау грамоталарымен,жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Бірінші орын 24МГ(жетекшісі Антаева М.Т.), екінші орын 9ОМ(жетекшілері. Ермаганбетова Г.К.,Якупова Н.А.,Жумагулова Г.Б.), үшінші орын №15ОМ(жетекшісі Иралинова Л.М.) мен №17ОМ(жетекшісі Балесова З.А.) иеленді.Байқау соңында қатысушылардың ойымен,пікірімен санаса отырып бұл байқаудың балаларға берері көп деген ойға тоқталдық және келесі жылда облыстық деңгейге көтеру ойымызда бар.


«Ұлы дала өнері»
 
2019 жылдың қаңтар айында Рухани жаңғыру бағдарламасына орай біздің мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің елім-менің жерім Қазақстан» атты суреттер конкурсы, 5-7 сынып оқушылары арасында көрме және 8-11 сынып арасында эссе ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар өз белсенділіктерін танытып, барынша жауаптылықпен қарады. Оқушылардың жасаған жұмыстарын мектептегі «Оқушылар шығармашылық» бұрышына ілініп қойылды. Орындалған жұмыстар мен суреттер өте ашық, шығармашылдық көзқараспен жасалған. Барлық жұмыстар мен оқушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды.


Ғ.Қайырбеков атындағы №9орта мектебінде 22 қыркүйек тіл мерекесіне орай «Ана тілі-ұлт байлығы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

«Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ.
Тілден терең теңіз жоқ»- деп, жазушы Ғ.Мүсірепов тілге ерекше баға беріп өткендей, тіл бүгінгі таңда ұлтымыздың мерейі, мақтанышы. Олай болатын болса, оқушылардың бойына тілдің қадір-қасиетін ұғындыру және тілге деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында іс-шара өткізілген болатын. Тіл –барша халықтар арасындағы достық , ынтымақты қарым-қатынастарды сақтай білудің негізгі құралы. Сондықтан Қазақстан халқының тілдер мерекесі қарсаңында «Ана тілі-ұлт байлығы» тақырыбында мектепішілік жетілік жиында әдеби-сазды қойылым бағдарламасы өткізілді. Мектеп оқушыларының ішінде көркем сөз оқудың шеберлері ана тілі туралы тағылымды, мазмұны терең жыр- шумақтарды мәнерлеп жатқа айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан жерінде тұратын : орыс, өзбек, ұйғыр, ағылшын ұлт өкілдері өз ұлттарының тілімен тіл мерекесінде өз жүректерінен шыққан құттықтау сөздерін айтып, көрермендерді дән риза етті.


Тәрбиелеудің негізі - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Қазіргі замаңғы жастардың санасына сіңдіру үшін біздің мектебімізді түрлі іс-шаралар жүргізілді.
2018 жылдың қыркүйек айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспардың орындалуын іске асыру мақсатында «Ұлттық жаңғыру- туған жер тұтастығының болашағы мен ел негізі» атты ақпараттық бұрышы, Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланысты нығайту мақсатында «Толағай» отбасылық спорттық сайысы, 1 желтоқсан Президент күніне орай патриоттық флешмоб би жарысы, «Тәуелсіздігім – Ел тірегім» атты кеш, «АТАЖұрт» этногеографиялық ойын, «Рухани жаңғырудың жарқын жолы», «Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» атты тәрбие сағаттары.
Болашақта халқымыздың рухани байлығын молайту, оқушылармыздың ұлттық мерекемізді, салт дәстүрімізді, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдарымызды дәріптеу мақсатында «Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесі жыл сайын Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде тойланады.
Жастардың бойына мәдени құндылықтарды сіңіріп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру айрықша көңіл бөлінеді. Осы орайда отансүйгіштікке , салауатты өмір салтын ұстануға , табиғатты аялауға ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі соның бірі «Ел есінде- ер есінде» атты биылғы жылы Ұлы Жеңіс күніне орай патриоттық әндер, мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Бұл іс шараның да оқушыларға үлкен тәрбие мен мағынасы мол екенін санасына жеткізетіні сөзсіз.
Рухани жаңғыру аясында жастарды бәсекеге қабілетті, білімді, жан- жақты етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз. Алға қойған міндетімізді ұлағатты ұстаздарымыз, оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың бірігіп жұмыс істеуінің арқасында биылғы жылы белсенділер шеруі «Триумф» 2018 марапаттау салтанаты өткізілді. Мараппаттау кезіңде мектебімізден 100 ден астам оқушы марапатталды. Бұл оқушыларымыз ғылыми жұмыс, олимпиада жеңімпаздары, спорт майталмандары, ән би жарыстарының жеңімпаздары.
Егеменді еліміздің ертеңін сапалы біліммен саналы тәрбиемен қамтамасыз ететін ұстаздар қауымы екенін жақсы білеміз. Осыған орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын мұғалімдердің арасында түсіндірумен қатар онда жаңаша бастама беріп, айтылып отырған мәселелердің маңызын айтып талдап айтып өтті. Әрине, «Рухани жаңғыру» қазақ халқы үшін күні бүгін жасалып отырған дүние емес. Іргемізді бекітіп, шекарамызды нақтылап алған біздің жер үшін болашақтың баянды да бағытты іс- шараларының жиыны деп айтуға болады. Білім мен ғылым саласында енгізіліп отырған әлемдік- ғылыми заманның туып келе жатқандығының бір бейнесі екендігі баршаға аян.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілген «АТАЖҰРТ» этногеографиялық ойынының өтуі туралы

Мектебімізде 11 қаңтар күні бастауыш сынып оқушыларына арналған «АТАЖҰРТ» этногеографиялық ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты - білім алушыларға Елбасының Рухани жаңғыру ,болашаққа бағдар мақаласының мәні,«Туған жер» бағдарламасы туралы түсінік беру,бағдарламаның мақсатын ұғындыру,өз туған жерінің табиғатын,тарихын,байлығын зерделеуге тәрбиелеу болды.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында біздің мақсатымызды айқындап,бағытымызды белгілеп берді. Ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Алдымызда үш тілде білім беру,латын әліпбиіне көшу,ұлттық кодты сақтай білу,мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстыру,туған жердің салт-дәстүрін,мәдениетін дамытып жүрген ,заманауи Қазақстанды жасап жатқан адамдарды таныту,қолдау болып отыр. Біз бүгінгі ойында «100 жаңа есім» жобасындағы жас ғалымдардың (Диас Тастанбеков, Санжар Мырзағалым, Ернұр Рысмағамбетов) жұмысымен де таныстық,оны жас жеткіншектерге үлгі еттік және ол оқушылардың да ғылым жолына түсуіне жол көрсеттік. Ойын 4 кезеңнен болды. Бірінші кезең «Мыңның түсін білгенше бірдің атын біл» деп аталып командалардың топ аты,ұраны,эмблемасы қорғалды. Екінші кезең «ӨТКЕЛ» деп аталып дүниетану,жаратылыстану пәндерінің материалдары қамтылды және Қазақстан,Қостанай жерлерінің шығу тарихы,салт-дәстүр,ел тарихы туралы мәліметтер қамтылды. Үшінші кезең «ЖЕРҰЙЫҚ» деп аталып 2 бөлімнен тұрды. Ол «Тұлғаны тану», «Картография» арқылы Бауыржан Момышұлы,Қайрат Рысқұлбеков, Ғафу Қайырбеков,Ыбырай Алтынсарин өмірі,қызметі,шығармашылығы қаралып, тарихи даталарға саяхат жүргізілді. Ойын өте қызықты болды. Ойын барысында әділ-қазылар (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова М.Н., бастауыш сынып мұғалімдері Якупова Н.А., Досбаева Г.Г., Зейноллаева Г.Т.) төрелік етті.Ойын соңында 1-орынды 4 «Б» сыныбынан құралған «Мәңгілік ел» тобы, 2-орынды 4 «А» сыныбынан «Жібек жолы», 3-орынды 4 «Ә» сыныбынан «Ұлы дала» тобы, 4-орынды 4 «В» сыныбынан «Туған жер» тобы иеленді. Ай сайын осы бағытта дарынды оқушылармен жұмыс жоспарланып өткізіліп тұрады.
Анықтаманы жазған Ергалиева М.А.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілген «Бағдаршам - көшедегі көмекшім» атты жол қозғалысы ережесі өтуі туралы

Мектебімізде 22 – 29 қаңтар аралығында мектепалды даярлық сыныбына арналған ЖҚЕ жобасы жүзеге асты. Жобаның мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың жолда өзін-өзі ұстай білу дағдыларын қалыптастыру, жүру ережесін дұрыс орындауға жетелеу. Жолда жүру ережесі туралы білімін нақтылау және бағдаршам қызметін орындауға үйрету.Жоба мына бағытта іске асты: Балалар мен ата-аналардың бастапқы білімдерін анықтау диагностикасы,ата-аналар арасында сауалнама өткізу, тақырып бойынша әдістемелік және көркем әдебиет іріктеу,тәрбиелік-білімділік жұмысын жоспарлау, заттық-дамыту ортаны құруға жағдай жасау, балалармен танымдық,шығармашылық жұмыс, қорытынды презентация.
 

Хаттама
 
Қаңтардың 31 жұлдызында «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» атты тәрбиелік іс-шара өткен болатын. Тәрбиелік іс шара өз деңгейінде өткізілді. Іс-шара 8-сыныптар арасында өткізілді. Оқушылар қазақ халқының көнерген мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін жаңғырту мақсатында көптеген сайыстарға белсене араласты. Сол арқылы өздерінің жоғарғы білім деңгейлерін көрсете білді.Іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы Дастан Қалиев, мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Мөлдір, және 8-сынып жетекшілері қатысты. Іс-шарада оқушыларға өте керекті мәліметтер болды. Әсіресе, қазір маңызды орын алып жатқан мәселе латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған дереккөздері, ұмытылып кеткен мәдениетімізді жаңғырту-бұл іс-шарамыздың басты баспалдағы десекте болады. Іс-шараны ұйымдастыруы сайыс түрінде өткендіктен оқушыларды қызықтыру, осы мәселеге тарту үшін ойын есебінде өтті. Сайыс арасында қызықты мәліметтер, видеороликтер болды. Сайыс соңында оқушылар бір-біріне «жүректен-жүрекке» шамы арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Және іс-шарамызды тәрбие ісінің орынбасары Ахметова Мөлдір апай қортындылады. Іс-шарамыздың қызықты өткенін айтып өтті. Сонымен қатар, сайыстың қорытындысын айтып, жеңімпаздарды марапаттады. 1-орын 8 «Ә» «Жасұлан» тобы, 2-орын 8 «Б» «Қыран» тобы болса,3-орынмен 8 «А» сыныбы «Болашақ» тобы марапатталды. Іс-шара оқушыларға өте қатты ұнады. Оқушылардың пікірі бойынша «осындай қызықты ойындармен өткізілген іс шара оқушылардың тез ұғып алуына өте септігін тигізеді. Осы іс-шара арқылы біз ұлтымызды, тәуелсіздігімізді жоғалтпаймыз. Осындай жобалар көп болса, нұр үстіне нұр болар еді деп оқушылар өз пікірлерін білдірді. Тәрбиелік іс-шарамызға келген мұғалімдерімізге, қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз!!!
 
Мектебіміз қабырғасында 2 ақпан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «9»А,Ә,Б» сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру – ел болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел де мақаланың бөлімдері мен алға қойған мемлекттік мақсаттар жайында машықтанушы Айтжан Элмира өзінің баяндамасымен ашып берді. Сонымен қатар балаларға түрлі сұрақтар қойылып, жан-жақты талданған болатын.
Мақалада көрсетілген білім беру саласындағы жаңалықтар, латын әліппесіне көшу, оқытудың жаңашыл жүйеге көшу жайында машықтанушы Арыстан Нұралы өз баяндамасын жасады. Баяндама соңынан оқушыларға арнайы сұрақтар қойылып, азаматтық көзқарасын қалыптастыру мақсатында арнайы білім берілді.
Балалар дөңгелек үстел барысында бір-бірін сыйлап сөздеріне, айтып отырған ойларына байланысты пікір алмасты. Сынып сағатына қатысқан мұғалімдер: Илиясова Жазира және директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Мөлдір қатысып, өз бағаларын берді.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын мектеп оқушылары арасында насихаттау мақсатында 3 ақпан күні Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі директоры кубогіне арналған «ARIS CUP» ашық аймақтық турнирі өткізілген болатын. Аталмыш турнирге Ақтөбе, Көкшетау, Арқалық, Рудный қалаларыннан және Қостанай қалалық Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектеп, №10 мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты, Назарбаев зияткерлік мектебі, С.Мәуленов атындағы №24 мектеп-гимназиясы, №115 мектеп оқушылары қатысты. Турнирде Елбасы жолдауын жан-жақты талдап, жастар арасында түрлі ойлар қозғалды. Жастарға арналған бөлімдердін қаншалықты жүзеге асуы, елімізге еніп келе жатқан жаңалықтардын пайдасы мен зияны, бүгінгі мектеп оқушылары болашақты қалай елестеді деген тақырыптар бойынша балалар өз пікірлерімен бөлісті. Бұл додадан мектебіміз оқушылары да тысқары қалмай өз ойларының мықтылықтарын және көпшілік алдында еркін сөйлеп, тұшымды ой қозғай алатынын дәлелдей білді. Турнирге барлығы тұрлі жастағы 32 команда қатысты. Мектебіміз атынан 9 «Б» сынып оқушылары Досов Самат, Бакирова Айкерім, Бауыржан Ержан, Алимбетова Аида қатысты. Турнир нәтижесі бойынша «Тинейджеры» командасы(Досов Самат, Бакирова Айкерім) ІІІ орын иеленді. Сынып жетекшісі: Илиясова Жазира.



Мектебімізде 11 қаңтар күні бастауыш сынып оқушыларына арналған «АТАЖҰРТ» этногеографиялық ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты - білім алушыларға Елбасының Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар мақаласының мәні,«Туған жер» бағдарламасы туралы түсінік беру,бағдарламаның мақсатын ұғындыру, өз туған жерінің табиғатын, тарихын, байлығын зерделеуге тәрбиелеу болды.
Директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Ергалиева М.А. ойын туралы:
Елбасымыз «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласында біздің мақсатымызды айқындап,бағытымызды белгілеп берді. Ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Алдымызда үш тілде білім беру,латын әліпбиіне көшу,ұлттық кодты сақтай білу, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстыру,туған жердің салт-дәстүрін,мәдениетін дамытып жүрген ,заманауи Қазақстанды жасап жатқан адамдарды таныту,қолдау болып отыр. Біз бүгінгі ойында «100 жаңа есім» жобасындағы жас ғалымдардың жұмысымен де таныстық,оны жас жеткіншектерге үлгі еттік және ол оқушылардың да ғылым жолына түсуіне жол көрсеттік.Ойын өте қызықты болды. Ойын соңында 1-орынды 4 «Б» сыныбынан құралған «Мәңгілік ел» тобы, 2-орынды 4 «А» сыныбынан «Жібек жолы», 3-орынды 4 «Ә» сыныбынан «Ұлы дала» тобы, 4-орынды 4 «В» сыныбынан «Туған жер» тобы иеленді. Ай сайын осы бағытта дарынды оқушылармен жұмыс жоспарланып өткізіліп тұрады.


Рухани жаңғыру болашаққа бағдар бағдарламасы аясында «Елбасымен бірге!» атты мектепшілік флешмоб өтті
 
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде Рухани жаңғыру болашаққа бағдар бағдарламасы аясында «Елбасымен бірге!» атты мектепшілік флешмоб өтті. Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Мерекелік шараға мектептің 5-9 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында мектеп ұлан басы Исергепова М. құттықтау сөз сөйлеп, атаулы күннің мән-маңызына тоқталып өтті. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді.


Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді

25-қараша 2017 жылы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық сайысы өтті. «Спорт-денсаулық кепілі» десек, « Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шара. Сайыс бастауыш сыныптарының арасында өтті. Сайысқа 1-4 сынып оқушылары ата-аналарымен 4 команда болып қатысты. Салтанатты сайыстың ашылуына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова М.Н. құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Сайыс соңында қатысушы командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс-шара ата-аналар, оқушылар және мұғалімдер үшін де өте қызықты өтті. Оқушылар тек сапалы білім алып қана қоймай, қоғамдық іс-шараларды ата- аналарымен қатысып өз деңгейіне жетті.