Конституция – еліміздің Негізгі Заңы Ол туралы тарихи – танымдық түсініктер
Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздік алғаннан кейін, 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданған еліміздің Негізгі Заңына он бес жыл толып отыр. Осыған орай мерейлі мереке дінаралық, ұлтаралық татулық берік орныққан Отанымыздың барлық өңірінде салтанатты түрде атап өтілуде. Біз енді Конституция сөзінің мағынасы, тарихы, қазақ елінің Ата Заңы туралы ой толғасақ.
Конституция дегеніміз не? Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, ор- наластыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы. Ғылыми, са- яси, құқықтық тұрғыда Конституция материал-дық, нысандық мағынада өзіндік мән-маңызға ие.
Материалдық мағынада. Конституция ма-териалдық мағынада – ең бірінші, елдегі адам- ның, азаматтың жеке құ- қықтары мен бостанды-ғын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылым-ның нысандарын, жергі- лікті, орталық билік ор-гандарының негіздерін, құзіреті мен өзара қа-рым-қатынастарын, мем- лекеттің рәміздерін, ас-танасын айқындайды, осылардың бәрі жөнін- дегі өкімдік акт, актілер- дің немесе конституция-лық рәсімдердің жиын-тығы болып саналады.
Нысандық мағына-да. Конституция нысан-дық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жү- зінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – консти-туциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік билік-тің қатынастарын мем-лекеттік – құқықтық рет- теу негіздері ресми түр- де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекет-тіліктің маңызды белгісі.
Елдің бүкіл заңнама-сының негізгі, мемлекет- тің ең жоғары заң күші- не ие Конституция осы саланың құқық ғылымын- да Заң жүзіндегі Конституция, іс жүзіндегі Конс-титуция болып ажыра- тылады және де Конс-титуция нысанына қа- рай сараланған Конс-титуция, сараланбаған Конституция, аралас тұрпаттағы Конституция болып бөлінеді. Заң жүзіндегі Конс- титуция. Ол – еліміз- дегі барлық әлеуметтік қатынастар шеңберін реттейтін құқықтық нор- малардың айқындалған жүйесі. Іс жүзіндегі Конс-титуция. Ол – осындай қатынастар, нақты қол-даныстағы қатынастар.
Сараланған Конституция. Бұл – конс-титуциялық сипаттағы барлық негізгі мәселе-лерді реттейді және сол жөніндегі бірыңғай құ- қықтық акт болып са- налады. Оның барлық басқа заңдарға, норма-тивтік – құқықтық акті-лерге қатысты жоғары заңи күші бар, ол – ұлттық құқық жүйесінің қайнар көзі. Негізінен, өз- ге нормативтік – құқық-тық актілердің бәрі Конс- титуцияға сай келуге тиіс. Конституцияны қа- былдайтын орын – пар- ламент, Конституция-лық ассамблея. Сараланбаған Конституция. Ол – айқын-дауға тиіс мәселелердің жекелеген бірнеше заң-намалық актілермен рет- телуі. Заңгерлер оған Ұлы- британиядағы, Жаңа Зе-ландиядағы, Израильдегі жағдайды мысал етеді.
Аралас тұрпаттағы Конституция. Ол парла- менттік заңдарды, соттар-дың үлгі іс-тәжірибесін, конституциялық рәсімдер мен қағидалық түсіндіру-лерді қамтиды. Солардың бірі Конституцияның не- гізгі мәтінін құрайды. Яғни, аралас тұрпаттағы Конс- титуция ішінара саралан-ған құқықтық актілер. Авст- рияда, Канадада, Швеция- да, Чехияда, Финляндияда солай. Мысалы, Швеция-ның Конституциясы үш заңнан құралған: Бас-қару нысаны; Тақ мұра-сы туралы акт; Баспасөз бостандығы туралы акт. Конституция болжалды мерзіміне сәйкес тұрақ-ты Конституция, уақытша Конституция болып екіге бөлінеді.
Уақытша Конституция. Оны елдің түпкілікті конституциялық құрылы-мын әзірлеу қажет өтпелі кезеңде қабылдайды.
Мұн- да негізінен, билікті ұйым- дастыру жөніндегі басты қағидалар ғана мазмұнда-лады. Кейде мұндай Конс-титуцияны көптеген жылдар бойы қолданады.
Тұрақты Конституция. Оның қолданылу уақыты кейде өте қысқа болады.
Өзгерістер енгізу тә-сіліне байланысты Конституция икемді Конституция, қатаң Конституция болып бөлінеді.
Икемді Конституцияның жай заңдар қабылдау жолымен өзгертілуі мүмкін де, Қатаң Конституция арнаулы рәсімдемелер жолымен ғана өзгертіледі. Олар: парламент мүшеле- рінің басым көпшілік дауы- сын талап ететін, Консти-туцияға енгізілетін түзету-лерді бекіту үшін кейде ре- ферендум өткізуді қажет ететін күрделі сипаттар.
ТМД елдері Конституциясының құрылымы а) Кіріспе; ә) Жалпы ережелер (Конституция-лық құрылыстың негізде- рі); б) Адам мен азамат-тың құқықтары мен бос- тандықтары; в) Заң шы- ғарушы билік; г) Атқару- шы билік; д) Сот билігі.
е) Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бас-қару; ж) Конституциялық түзетулер; з) Қорытынды және өтпелі ережелер. «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабынан:
«Ең жаңа Конституция-лардың көбісінде эконо- мика және қаржыға ар- налған жекелеген бөлім-дер мазмұндалған. Кейбір Конституцияларда заң-нама туралы ережелер жеке тарауға бөлінген, екінші біреулерінде сайлау және референдум ту- ралы ерекше бөлімдер бар. «Америкалық» үлгі-дегі ең жаңа Конституцияларда (Бразилия, Колумбия, Филиппин, т.б.). «Мемлекеттік қызмет» (не- месе «Мемлекеттік қыз-метшінің жауапкершілігі») сияқты бөлімдер, агр. ре-форма туралы, қарулы күштер туралы, мемлекет пен демократиялық институттарды қорғау ту-ралы бөлімдер берілген».
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан саяси тәуел-сіздік алғанға дейін өз аумағында үш рет Конс-титуция қабылдаған бо- латын. Оның ең алғашқы-сы – 1926 жылғы наурыз- дағы Жалпы Қазақстан-дық кеңестің Х съезінде бекітілген Қазақ КСР Конс- титуциясы, екіншісі – 1936 жылғы 5 желтоқсанда өмірге келген Ата Заңы- мыз, үшіншісі – 1977 жылғы 7 қазанда Қазақстан Рес- публикасы Жоғарғы Кеңе- сінің кезектен тыс жетінші сессиясында қабылданған Конституция. Ал, 1993 жылы тәуелсіз еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылдан- ды. Мұнда елімізде Парла- менттің ролін түбегейлі көтеруге ұмтылыс жаса- лынды. Алайда заңгер- лердің, саясаттанушылар-дың пайымдауынша, 1993 жылғы Конституцияда елеулі олқылықтар орын алды. «Бұл құжатта ескі саяси жүйенің жаңа сая-си жүйеге трансформа- циялануы заңдастырылды. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар Батыс демократиясын елдің кеңестік саяси жүйе- сін жаңартуға пайдалану-ға әрекет болды. Өтпелі кезеңнің экономикалық және әлеуметтік қайшы-лықтарын жеңе алатын тиімді вертикальды атқа- рушы билік жасалынбай қалды. Осындай қателік-тің салдарынан Қазақстан терең экономикалық дағда- рыс қыспағында қалды». Осы тұста елдің саяси жүйесін өзгерту қажетті-лігі туды. Соған сәйкес 1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдум-ның (бүкіл халықтық да- уыс беру) нәтижесінде Қа- зақстан Республикасының екінші Конституциясы қа- былданды. Бұл жаңа Конституцияда биліксіздік құ- былысын жеңу мақсатын-да парламент құқықтары елеулі шектеліп, прези-денттік билік вертикалі күшейтілді. Сөйтіп, атқа- рушы биліктің тікелей президентке бағынушы- лық тетіктері нығайтылды, оның заң шығарушы парла- менттік билік алдындағы жауапкершілігі азайды. 1995 жылғы Конституция бойынша, Парламент Палаталары «Мәжіліс», «Сенат» деп аталып, Қа- зақстан Республикасы Констициясының 49-63 баптарында ел парламен-тінің саяси жүйедегі орны мен құзыреттері және ол заңмен реттейтін қоғамдық қатынастар тізбесі нақты көрсетіліп берілді. Яғни, Қазақстан Республикасы-ның 1995 жылғы Консти- туциясының 49 бабында былай деп жазылған: «1. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шы- ғару қызметін жүзеге асы-ратын Республиканың ең жоғары өкілді органы». Конституциялық заң-дардың қағидаларын тұ-жырымдап, бір арнаға келтірген 1995 жылғы Конституция кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады. Мұндағы жалпы ережелер деп аталатын 1 бөлімде (1-9 баптар) Қазақстан Рес- публикасының страте-гиялық бағыты, елімізде жүзеге асырылатын қыз- меттің негізгі принцип-тері бекітілді. Олар: қо-ғамдық келісім, елдегі саяси тұрақтылық, рес- публика қызметінің эко- номикалық дамуға ба-ғытталуы; қазақстандық патриотизм – Отансүй-гіштік, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мә- селелерін демократия-лық жолмен шешу прин- циптері, мемлекеттік би-ліктің біртұтастығы мен тармақтарға бөлінуі, оның тежемелік және тепе- теңдік жүйесі, халықара- лық құқық принциптері мен нормаларын құр- меттеушілік, күш қол- данбау және күшпен қа-уіп төндірмеу принципі, мемлекеттік шекараның мызғымастығы принци-пі, ішкі іске араласпау принципі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, мемлекеттік рәміздер, республиканың астанасының айқында-луы. Ал адам және аза- мат деп аталатын екінші бөлімде (10-39 баптар) адам мен азаматтың құ- қықтары мен бостандық-тары баянды етілген. Заң, тәртіп туралы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса, ол күй-рейді». Г.Фуллер: «Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады». Сенеке: «Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қатаңырақ».
Дж.Гарфиллд:«Көн- діре алатын күші болмаса заң заң болудан қалады».
Бауыржан Момыш-ұлы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды».