17 қыркүйек күні «Үндестік» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында мектебімізде «Жақсылық жасауға кешікпе» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Жәрмеңке барысында әр сыныптың ата-анасы үйден тәтті тағам дайындап, сауда-саттық жасады.
Іс-шара барысында әр сынып жәрмеңкеге белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Ал жәрмеңке барысында ең көп тағамдар сатып, орын иеленгендер:
1 орын: 2 «А» сыныбы
2 орын: 6 «А» сыныбы
3 орын: 5 «Б» сыныбы болды.