Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

«Үндестік» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында 26.12.22ж. «Сәлем мектеп – бұл мен!» 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісі туралы педагогикалық консилиум өткізілді. Мақсаты - бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуін, сабақтардың әдістемелік тұрғыда дұрыс жүргізілуін бақылау, оқушыға, ата-анаға әдістемелік көмек көрсету болды. Аталған жылдың қыркүйек – желтоқсан айы аралығында оқушылардың мектепке бейімделуі, оқушылардың сабақтарға қатысуы, оқушылардың мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеу, көмек беру, оқушылардың тіл кемістіктерін түзету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі, логопедпен оқушылардың жеке жұмысы, сабақ барысы, қалыптастырушы бағалаудың өз деңгейінде жүргізілуі бақыланды. Сынып жетекшілері, мектеп психологы, педагог-логопед тарапынан оқыту процесінде бейімделуге кедергі келтіретін жағдайлар анықталып, қажет деп танылған оқушыларға әдістемелік көмек көрсету ортасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүргізілген психологиялық зерттеулер бойынша оқушылардың 98,3 пайызы «оқу позициясын» таңдағаны анықталды. Педагогикалық консилиум соңында сынып жетекшілерге, ата-аналарға ұсыныстар берілді.
Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ергалиева М.А.
Мектеп психологы Алимова М.Б.