Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

🔰Мамырдың 23 күні 4 сынып ата-аналары мен болашақ сынып жетекшілері арасында "Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі сабақтастық" тақырыбында кездесуі өтті.
Өткізілген іс-шара 4 кезеңнен тұрды.
1-ші ұйымдастыру кезеңінде Макенова Баржаксы Нурлыбековна бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі сабақтастығы тақырыбының мақсаты мен міндетін таныстырып,тақырып төңірегінде мәлімет берді.
2-ші кезеңде Сакаева Дарина Есенгельдиновна https://kahoot.com/ сайтын қолданып, ата-аналарға бастауыш сынып бағдарламасынан қызықты сұрақтар берді.
3-ші кезеңде Ауезханова Мирамкул Жумагалиевна 4 жыл ішінде кездескен кедергілер мен қуанышты сәттерге тоқталып, "Бес саусақ" тренингін жүргізді.
4-ші кезеңде Нуржанова Жанат Турсынбаевна өтілген іс-шараға қорытынды жасап, "Өзіңді мадақта" әдісімен рефлексия жасады.
🔰Іс-шара соңы кофе-брейкке ұласты.Жиналған ата-аналар мен болашақ сынып жетекшілерінің ойынша іс-шара жоғары деңгейде өтті