Мақсаты - отбасы дәстүрлерін насихаттау, әр отбасының Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесін, елдің дамуына жасаған қызметін дәріптеу болды. Сайыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ұлы ұстаз, ағартушы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналды. Сайыстың 1-кезеңінде оқушылар шығармашылықпен жасаған жұмыстарын ұсынды. Ал 2-кезеңінде тапсырмалардың нәтижесі шығарылып, марапаттау рәсімі жүргізілді. Сайыстың 1-кезеңіне 750 оқушы қатысып, оның ішінде 44 оқушы үздік атанды. «Үздік сурет» номинациясында 1 сыныптар, «Үздік ән» номинациясында 2 сыныптар, «Үздік бейнелі сурет» номинациясында 3 сыныптар, «Үздік әңгіме» номинациясында 4 сыныптар, «Үздік ертегі» номинациясында 5 сыныптар, «Үздік өлең» номинациясында 6 сыныптар, «Үздік фотоколлаж» номинациясында 7 сыныптар, «Үздік эссе» номинациясында 8 сыныптар, «Үздік видео» номинациясында 9 сыныптар, «Үздік презентация» номинациясында 10 сыныптар «Үздік отбасы видеосы» номинациясында 11 сынып оқушылары марапатталды. Марапаттау рәсімін 1-4 сыныптар арасында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ергалиева М.А., 5-9 сыныптар бойынша директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Байкадамова А.С., 10-11 сыныптар бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова М.Н. жүргізді. Сайыс барысында әр оқушының отбасына деген сүйіспеншілігін, әр отбасындағы ата-аналардың елдің дамуына өз бетінше үлес қосып жатқанын, Отан деген ұғымның отбасында құрметтелетінін байқап жүрегімізді мақтаныш сезімі биледі. Екі жақты жұмыстың нәтижелі екеніне көзіміз анық жетті.