Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 01.11-05.11.21 ж.1-ші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің зерделеу жұмысы өтілді.
Мақсаты: бейімделу кезеңінде төменгі сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып 1-ші сыныптағы оқу үрдісін ұйымдастыру. Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББМ-не 15-тамыздан 15-қыркүйек аралығында жалпыға бірдей білім беру айлығы барысында мектепке тиесілі мөлтек аудан бойынша 6 және 7 жастағы балалар тізімі анықталып 1-ші сыныпқа қабылданды. Мектепте үш 1-ші сынып ашылды.Барлығы 71 оқушы қабылданды. Жалпы сынып оқушыларының мектепке, сыныпқа, мұғалімге, бір-біріне бейімделуі жақсы. Мұғалім талабын орындауға тырысады. Сауат ашудан оқушылар дыбыстарды меңгерген, сөздерді буындап та тұтастай да оқи алады.Математика сабағында балалар математикалық тілде сөйлейді. Сабаққа бейімделген оқушылар орнынан тұрып кетпейді,сабақтан шығуға да сұрана бермейді