Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Ата-ананың көбісі өз балаларының  бағынбаушылығын жеңіп алатындай не күші, не жағдайы болмай, қолдарын жан-жағына айырып қана отырады.  Кей кездерде ата-аналар баларына сезімінсіз қол жұмсай береді, көп жағдайларда бұл үлкендердің бала мен оның қылықтарына деген шыдамдылығы таусылған кездерде, әбден қажып, үмітсіздікке  кезген уақыттарда болады. Ата-ана баласына «бұны істеме, мынаған тиіспе» дегенді бірнеше рет қайталап, бала мұны түсінбеген шақтарда қорқыту, жазалау, тіпті белдік те қолға түседі, қолының қалай жұмсалғаны байқаусыз қалады. Балалардың ата-анасын тыңдамай сөздеріне құлақ салмаған кезде, қалай өкінішті және және ренішті болатынын үлкен кісілердің бәрі де білер. Бірақ бұл бала мен үлкендердің түсінбеушілік пен өзара ренішті тудыратын тұйықтама жолы.

          Әдеттегідей, тәрбиелік әдіс ретінде қол жұмсаған ата-аналардың балалары өздерін алдап, өтірік айтуды бастайды, балалық қияңқылығы мен ыза және басқа да әлеуметтік тәртіптен ауытқушылықтары пайда болады. Бұл балалар жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын әлі де дұрыс түсінбейді, басқа бөбектерге қарағанда, бұлар тәртіпті бұзып, бұзақы болуы жиі.

          Бала бағынбаушылығының тамырларын оның сәбилік шағынан іздестіріледі. Мысалға мынадай жағдай: Бала үйдегі мысықты қатты қысып, мыжып, өлтіре жаздағаны сол, әкесі бұл жағдайға кірісіп еді,ал  шешесі «Ештеңе етпес, баламыз болашақ айуан жаттықтырушы болар» деп еді. Мінеки, бұл алғашқы қоңырау! Әкесі тыйым салған еді, шешесі рұқсат берді. Бала үшін  ата-анасының қайсысы абзал?  Әрине анасы! Ұқсас жағдайлардың екі-үш рет қайталануы баланың әкесін мүлде тыңдамауына жол ашады. Сонымен қатар бала кез келген әрекетіне анасының рұқсат беруіне сенімі артыла  түседі. Енді анасы баласына тыйым салатындай жағдай пайда болса, жауабында ол баласының қарсыласуын ғана алады, бұл жағдай бала ойында қалыптасқан қабылдау моделіне қайшылық туғызады: «Анам менің мейірімді, ол бәріне рұқсат береді».

          Әрине, бір мезгілде мейірімді де, талап қойғыш болу қиын, бірақ бұл ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалыпты орнатып, балалары ата-анасының пікірін тыңдап және сыйлай үйренуіне жалғыз-ақ жол. Бірақ мейірімділіктің артықшылығы баланың еркелігін тудырады – ал бұндай балаға болашақ  есейген өмірінің қатал шындығына үйрену қиынға түседі. «Еш уақытта баланы еркелетуге болмайды» деген пікір бар. Бұл да қателік! Өте қатыгез тәрбие де баланың еркіне жібермейтін, өзін өзі төмен бағалайтын тұлғаны қалыптастырады. Жетістіктің құпиясы – алтын орта.

          Балаға қол жұмсаудың кейбір кезде нәтиже беретіні мәлім, бірақ бұл көрсеткіш болып табылмайды. Әрине, тентекті жақсылап шапалақтаса, ендігіде бала істеген қылығын еш уақытта қайталамас. Ал бұл сәтте баланың ойы мен сезімінде қандай өзгерістер пайда болғанын білесіз бе? Бұл өзгерістер бала әрекетінің сыртқы көріністеріне тіреледі.

          Ересек кісілер сияқты, бала да жанға бататын жағдайлардан қашпай, ең әуелі оның көзінен құтылуын көздейді. Сондықтан да бала жағымсыз әрекеттерден емес, біріншіден, ата-анасынан қорқатын болады. Осылайша, бала мінез-құлқының өзгеруінің жүзеге асырылуы бала қалауының қоқынышқа алмастыруында. Бұл бала психикасына әсер етеді: біріншіден, қорқыныш сезімі бала реңкін қатты өзгертеді: жасқаншақ, батылсыз, абыржып қалатын, өзіне өзі сенбейтін, мүлде өмір оптимизмінен айырылған дерлік. Екіншіден, бала ата-анасынан қорқуды үйреніп, алдымен араздық, одан жек көрушілік сезімі пайда болады. Егер бұл конфликт баланың сәбилік шағында пайда болса, бала айналадағы оны сүйетін адамдардың бәрінен де қастықты күтетін болады, тіпті жек көрушілікті махаббат сезіміне серіктес сезім деп қабылдайды. Үшіншіден, тән жазасы ата-анасы жағынан агрессивті мінез-құлқының моделі болып көрінеді. Әдеттегідей, агрессивті ата-аналардың балалары да агрессивті болып өседі. Бұдан әрі баланың мінез-құлқы стереотипті болып қалыптасуы мүмкін: егер кез келген біреу жағымсыз жағдай тудыратын болса, оны әрине жазалау керек, тіпті тән жазасын қолданған жөн деп есептейді. Төртіншіден, тән жазасы ата-анасы күткен нәтиже бере бермейді, кері нәтиже беруі жиі кездеседі. Бұл жағдайда бала өз әрекетінің жағымсыздығы жақсылап бекітіледі де, ал бірдеңені өзгертетіндей жағдай жасамайды. Американдық жантанушы Эрик Фроммның ойынша, бала әке-шешесін ызаландырғанның рахатын көру үшін кей кезде желкеден ұрғанды да шыдауға болады деген ойда. Бұдан әрі ол жазалауды күтіп, ал кейде арын тазалау үшін жаза алғысы келеді. Бала істеген жағымсыздығы үшін сазайын тарту керектігін әбден біледі. Ал жаза алғаннан соң, қайтадан өзін еркін сезініп, істеген қылықтарын қайталай бастайды.

          Демек, балаға тәрбиелік әдіс ретінде қол көтеру нәтижелі және тиімді әдіс деп бекіту екіталай.

         

          Баланы ұру әдіс ретінде қолдануды шешсеңіз, есіңізде болсын:

  1. Тән жазасы баланың ата-анасының беделін құптамай, олардан қорқуды үйретеді.
  2. Баланың мінез-құлқы адамгершілік заңын түсініп қабылдаудың негізінде емес, болжамсыздықтың негізінде қалыптасады.
  3. Үлкендер балаларының көздерінше мінез-құлқының ең жаман жақтарын көрсете отырып, өздері баланың алдында жағымсыз мінез-құлықтың үлгісі болып табылады.
  4. Тән жазасы баланың мінез-құлқын тек қана бекітеді, бірақ оны өзгерте алмайды.

          Әрине, балаға жай ғана қол жұмсап, не ұру үшін қандай да бір заттарды қолдануға болмайды , бұл әдіс жарақатқа да әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Ал жантанушылардың көбісі де белдікті қолдануды ұсынады,  бірақ бұл тек баланың мінез-құлқы мен қылықтарының оңсыз болған жағдайларда. Ал үлкендер күйгелек болып, баладан қажыған кездерде балаға қол жұмсамай, өзін ұстай білуі қажет. Сонымен қатар тәрбиелеудің балама әдістерін қолданған жөн:

 

Қатаң және шыдамды болыңыз.

          Егер сіз көтеріңкі дауыспен емес, бірақ қатаң сөйлесеңіз, балаңыз сірә сөзіңізге құлақ салар.

 

Тыныс алыңыз.

          Егер балаға өзіңіздің ашуланып, сондықтан бұл проблемаға кейінірек оралатыныңызды айтқаныңыз жөн. Балаға қол жұмсағаннан гөрі тыныс алыңыз.

 

Балаларды үйретіңіз.

          Баланың әлдеқандай қияңқылықтары үшін қол көтерудің орнына оған өзі істеген қылықтарының сізге ұнамайтынын түсіндіріңіз, және ендігіде істелген қылық қайталанбайтын болсын деп сұраңыз. Егер бұл қияңқылықтар қайталанатын болса, онда баланың өзінен жағымсыздықтарды доғаратындай оған қалай көмек көрсетуге болатынын сұраңыз.

 

Жөнді көңіл-күйде болыңыз.

          Мысалға, «Саған тісіңді жу деп неше рет қайталау керек?» дегеннің орнына «Тісіңді жуып болғаныңды маған айтшы, сеннен кейін бірден ваннаға барамын» деп айтқан жөн.

 

Баланы қортқытпаңыз, оған түсіндіріңіз.

          Балаға оның бұзақы болмай, өзін дұрыстап ұстай білуін, және де оның тәртіп бұзатын болса, қандай салдарға әкеп соқтыртатынын қысқаша түсіндіріңіз.

 

Баланы ынталандырыңыз.

          Балаңызды әріптестікке мынадай сөзбен ынталандыруға болады: «Қайтатын уақыт болды, үйде істейтін жұмыстарым көп болғандықтан, үйге ертерек барсам деймін, сондықтан кішкене асыққаның жөн».

 

Икемді болыңыз.

          Егер балаңыз сізден бірдеңені сұрайтын болса, икемді болыңыз, екеуіңізді де қанағаттандыратындай амал табуды тырысыңыз.

 

Ақылды болыңыз.

          Егер қолданылған амалдың мәнісі болмайтын болса, басқа амал табыңыз. Бұл жағдайда балаға қалай көмек бере алатыныңызды өзінен де сұрауға болады. Бұл мәселе бірден бала бойынан ұнамды сезімді тудырады.

 

Сабыр сақтаңыз.

          Бойыңыздағы ызаңызды балаға шығармаңыз, бұл іс арқылы бала бәрі бір ештеңені де меңгермейтінін есіңізде сақтаңыз.

 

Келісімге келуді үйреніңіз.

          Бала өз наразылығыңызды дау-жанжалдың қызуымен білдірмей, сабырлық пен парасаттылықты сақтай отырып, түсіндіру қажет.